×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Балалар Ұлттық қордан 63 миллион долларға жуық қаражат алды

Бүгін, 18:05
Балалар Ұлттық қордан 63 миллион долларға жуық қаражат алды
Ulysmedia коллажы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жұмыс істей бастаған екі жарым жыл ішінде қазақстандықтар қаржыны 333 мыңнан астам рет пайдаланды. Өтініш берушілердің шоттарына 63 миллион долларға жуық қаражат аударылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көп жағдайда отбасылар бұл қаражатты тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттаған. Осы мақсатта 216 060 өтініш орындалып, 41 миллион доллардан астам қаражат пайдаланылған.

Ал білім алуға ақы төлеу үшін 117 749 өтініш бойынша шамамен 21,7 миллион доллар жұмсалған.

– 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалпы сомасы 62,7 миллион доллар болатын 333 809 өтініш орындалды, – деп мәлімет берді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ).

ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ҚАРАЖАТ НЕ БОЛАДЫ?

БЖЗҚ қаражаттың барлығын бірден жұмсау міндетті емес екенін еске салды.

– Нысаналы жинақ қаражатын алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Қолданылмаған бөлігі нысаналы жинақ шотында 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін пайдаланылмаған қаражат алушының жеке зейнетақы шотына аударылып, ерікті зейнетақы жарналары ретінде есепке алынады, – деп хабарлады қор.

Егер 2025 жылғы есептелген қаражат eGov немесе банк қосымшаларында көрінбесе, құжаттар тізімін жаңарту қажет.

Баланың бағдарламаға қатысуын оның ЖСН-ы арқылы бағдарлама сайты, eGov порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы тексеруге болады.