×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ресей мен Беларусь спортшылары 2024 жылғы Олимпиадаға қатыса ала ма?

09.02.2023, 18:22
Ашық дереккөз

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бір жылдан кейін Парижде өтетін жазғы ойындарға Ресей мен Беларусь мемлекетінің қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын хабарлады. Бірақ спортшыларға мемлекетінің туынсыз және әнұранынсыз өнер көрсетуі керек болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жақында ХОК Украинадағы әскери қақтығысты қолдамайтын ресейлік спортшыларды жарыстарға нйетарльды мәртебеде қатыстыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Содан кейін Олимпиада комитетінің ресми өкілдері бұл мәселе қазіргі уақытта қарастырлып жатқанын растап, Ресей мен Беларусь спортшыларының Парижге келетінін жоққа шығармады.

"Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиадада ресейлік және беларусь делегациялары өз туын көтеріп шығады деген жоспарда жоқ. Оларды қатыстырудың тек жалғыз нұсқасы бар, яғни "Роллан Гаррос-2022" және теннистен 2023 жылы өткен Австралия ашық чемпионатындағы сияқты, онда спортшылар бейтарап өз алдына қатысқан".Оливье Веран, ХОК өкілі

Бұл мәселе жазда ХОК сессиясының бірінде түбегейлі шешіледі. 2024 жылғы жазғы Олимпиада Францияда 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары