×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

Рудныйдың жылу желілерінен тағы ақау шықты: 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды

09.02.2023, 22:05
Ашық дереккөз

9 ақпанда таңертең Рудный қаласының жылу желісінен тағы ақау анықталып, 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалған еді. Қала әкімдігі қазіргі кезде дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйені суға толтыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, 9 ақпанда жылу желісінде ақау орын алуына байланысты Горняков көшесінің Дзержинскийден Ленинге дейінгі бөлігінде орналасқан жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй мен 17 заңды тұлғаның ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды.

"Қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, жүйені сумен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін көппәтерлі үйлердің, әлеуметтік нысандар мен бизнес нысандардың желілері кезек-кезек суға толтырылады", делінген Рудный қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары