Синоптиктер 21 шілдеге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сейсенбі, 21 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Сонымен қатар ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр: солтүстік пен солтүстік-шығыс өңірлерде +20…+30 °C, орталық пен шығыста +22…+35 °C, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде +27…+35 °C шамасында болады.
Тек елдің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен ауа температурасы жоғары болып, +30…+42 °C аралығында сақталады.