×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

«Қайрат» пен «Ордабасы» жанкүйерлеріне ойын алдында ескерту жасалды

Бүгін, 12:21
«Қайрат» пен «Ордабасы» жанкүйерлеріне ойын алдында ескерту жасалды
pixabay

Алматы полициясы «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы футбол матчі қарсаңында жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтап, бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл кездесу көптен күткен ойындардың бірі болмақ және стадионға мыңдаған көрермен жиналады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның күшейтілген жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары және басқа да жауапты қызметтер жұмыс істейді. Сондай-ақ, стадион аумағында және оның маңында заманауи бейнебақылау мен бақылау жүйелері қолданылады.

Жанкүйерлерге тәртіп бұзбау ескертілді

Полиция көрермендерді арандатуға ермеуге, заң талаптарын сақтауға және өз командаларын тек спорт мәдениеті аясында қолдауға үндеді.

Ведомство агрессиялық әрекет, тыйым салынған белгілер мен атрибутиканы пайдалану, бейәдеп сөздер айту және жанжал шығаруға әрекеттену Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, негізгі міндет - матчтің қауіпсіз әрі тыныш жағдайда өтуін қамтамасыз ету.