×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Қазақстанда Жайық өзені арқылы жаңа көпір салынады

Бүгін, 14:58
Қазақстанда Жайық өзені арқылы жаңа көпір салынады
Көлік министрлігі

Ақтөбе - Орал - Ресей шекарасы халықаралық тасжолында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу жоспарланып отыр. Жоба президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылады. Мақсат - жолдың көлік көп жүретін бөлігінде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жаңа көпір қазір пайдаланылып жүрген көпір құрылыстарының маңына салынады. Техникалық тексеру қорытындысында олардың апатты жағдайда екені анықталған.

Жаңа нысан жол қауіпсіздігін арттырып, өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартады деп күтіліп отыр.

Екі көпір мен жаңа жол салынады

Жоба аясында сегіз шақырым жаңа автомобиль жолын және екі тұтасқұйма көпір салу көзделген.

Өзен арнасы арқылы өтетін негізгі көпірдің ұзындығы 513 метр, ал жайылмадағы көпірдің ұзындығы 1710 метр болады.

Жоба туралы не белгілі?

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген.

Көлік министрлігінің пікірінше, заманауи инженерлік шешімдер жолдың өткізу қабілетін арттырып, нысанның ұзақ жыл бойы сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысына жасалған жұмыс сапарының қорытындысында Көлік министрлігінің басшылығы жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуді жеделдетуді, құрылысқа қаржы көзін жақын арада анықтауды және жұмыстың барлық кезеңінде сапаны қатаң бақылауды тапсырды.