×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Луговойда ер адамды атып өлтірді: марқұмның отбасы Тоқаевқа үндеу жасады

Бүгін, 12:20
Луговойда ер адамды атып өлтірді: марқұмның отбасы Тоқаевқа үндеу жасады
әлеуметтік желі

Жамбыл облысының Луговой ауылында 1 тамызға қараған түні жергілікті тұрғынды атып өлтірді. Марқұмның отбасы қылмысқа қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қаза тапқан ер адамның әпкесінің айтуынша, оған бұған дейін бірнеше рет қауіп төнген. Марқұмның отбасы бұл қылмысқа жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар 22 жастағы адамдардың қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Осы себепті олар тергеу жұмыстарына қысым жасалуы мүмкін деп қауіптеніп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Жамбыл облысының полиция департаменті Ulysmedia.kz-ке кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын және күдікті ұсталғанын хабарлады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты қылмыстық істің басқа да мәліметтерін жария етуден бас тартты.