×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Ақмола облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған жаттықтырушы ұсталды

Бүгін, 15:36
Ақмола облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған жаттықтырушы ұсталды
Видео кадры

Ақмола облысында екі ер адам кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Полиция мәліметінше, олар бизнесін «қорғап береміз» деп 30 миллион теңге талап етіп, күш қолданамыз деп қорқытқан. Ұсталғандардың бірі ММА жаттықтырушысы болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Полицияға ақша бопсалау дерегі туралы 5 тамызда белгілі болған. Кәсіпкер арызданғаннан кейін соталды тергеу басталды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстаған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар жәбірленушінің бизнесіне «қамқорлық жасаймыз» деген желеумен ақша талап еткен болуы мүмкін», — деп хабарлады полиция.

Басқа да деректер тексеріліп жатыр

Екі ер адам да уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, күдіктілердің Ақмола облысындағы осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.