×
$
465.19
536.55
5.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.19
536.55
5.61

Вьетнамнан анасын пышақтаған күдікті Қазақстанға жеткізілді

12.08.2026, 10:39
Вьетнамнан анасын пышақтаған күдікті Қазақстанға жеткізілді
Видеодан алынған кадр

Қазақстан азаматы Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында іздеуде болған.

Толығырақ

Тергеу дерегінше, күдікті өткен жылдың қарашасында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін жауаптылықтан жалтару мақсатында ол қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

Күдікті Дананг қаласында ұсталған

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам аумағында жүргені анықталған. Маусым айында күдікті Дананг қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың қолдауымен халықаралық іздеуде болған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарғанын хабарлаған едік.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ұлан Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Қылмыстық әрекет кәсіпорындарды сатып алып, оларды жалған басшылардың атына қайта тіркеу арқылы жүзеге асырылған. Олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізіліп, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізілген. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.