×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Алматы тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді

Бүгін, 12:35
Алматы тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді
Gov.kz

2026 жылғы 12 тамызда Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14-те  тіркелген.

– Жерасты дүмпулері Алматыда 2 балл болып сезілді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам  

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;  

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;  

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;  

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;  

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;  

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);  

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;  

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;  

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.