×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Желіде балағат сөз айтып, әдепсіз видео жариялаған блогер жауапқа тартылды

Бүгін, 16:58
Желіде балағат сөз айтып, әдепсіз видео жариялаған блогер жауапқа тартылды
Видео кадры

Алматыда әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, әдепсіз материал жариялаған екі блогер жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Полиция блогерлердің әлеуметтік желіге жүктеген және тікелей эфир кезінде көрсеткен видеоларынан үзінді жариялады.

Олардың бірі көпшілік алдында досының анасымен қарым-қатынасы туралы айтып, тым ашық сипаттағы жайттарды бөліскен.

Басқа видеоларда да балағат сөздер айтылған.

Тексеруден кейін екі блогер де жауапқа тартылды.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын ескертті

Алматы қаласы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев әлеуметтік желі де көпшілікке ашық орта екенін еске салды.

Полиция блогерлерді, стримерлерді және өзге де қолданушыларды әлеуметтік желіге не жариялап, тікелей эфирде не айтып отырғанына мән беруге, балағат сөз қолданбауға және әдепсіз контент таратпауға шақырды.

Контекст

Кейінгі уақытта полиция әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, өзгені қорлаған қолданушыларды жауапқа тартуды күшейткен.

Бұған дейін, 8 тамызда, TikTok-тағы тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынған.