×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ең көп инвестиция тартқан екі өңір аталды

28.09.2021, 08:32
Фото: Ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жағынан екі өңір көш басында тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Екі өңір 699,9 млрд теңге сомасында 28 жоба бойынша инвестиция тартқан.

«Бұл өңірлер – Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары. Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 469,7 млрд теңге болатын 14 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ал Қарағанды облысында 14 жоба іске асырылмақ. Инвестиция көлемі бұл өңірде 230,2 млрд теңге», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы өңірлер жалпы сомасы 1,23 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобалардың ең көбі Шымкент қаласында (17 жоба), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында (14 жобадан) іске асырылмақ.

 

Серіктес жаңалықтары