×
$
458.23
535.99
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.23
535.99
5.46

Ақтөбеде жанар-жағармай айдайтын сорғы станциясында өрт шықты

Бүгін, 09:42
Ақтөбеде жанар-жағармай айдайтын сорғы станциясында өрт шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақтөбенің Алматы ауданындағы 41-разъезде бір қабатты сорғы станциясының ғимараты өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Станция жергілікті компаниялардың біріне тиесілі және жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған.

Өрт жеке тұрған станция ғимаратын шарпыған.

– Өрттің аумағы – 126 шаршы метр. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін

Жамбыл облысындағы Құлан ауылынан бірнеше шақырым жерде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шыққанын хабарлаған едік.