Энергетика министрлігі жөндеу жұмысы аяқталғаны және Екібастұз – Ағадыр электр беру желісінің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Авариялық жұмыстар аяқталғаннан кейін сағат 16:45-те ӘЖ-500 кВ Л-5170 Екібастұз-Ағадыр іске қосылды. Ажыратудың себебі В фазасының №1111 тірегіндегі гирляндтың үзілуі болды», - делінген министрлік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бүігн Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында апатқа байланысты электр энергиясы тоқтатылған болатын.