×
$
462.3
538.07
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.3
538.07
5.41

Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

Бүгін, 15:20
Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды
Ulysmedia коллажы

Депутаттар Құрылтай төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын қолдады.

Айта кетейік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын депутаттар қолдады.