×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Киевтегі келіссөзден не шықты: Зеленский Трамп өкілдерімен не талқылады

Бүгін, 09:30
Киевтегі келіссөзден не шықты: Зеленский Трамп өкілдерімен не талқылады
Reuters

6 қыркүйекте Киевте Владимир Зеленский Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Қандай уағдаластыққа қол жеткізілді?

Тараптар соғысты тоқтату немесе толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеген жоқ.

Украина, АҚШ және еуропалық серіктестер жақын арада тағы бір кездесу өткізуге келісті. Оның өтетін күні мен орны әзірге белгіленген жоқ. Вашингтон Украина және Ресеймен үшжақты келіссөздерді қайта бастауды да көздеп отыр.

Зеленский Киевтің бұл форматқа дайын екенін растады. Уиткофф Мәскеудегі кездесуден кейін «жаңа идеялар» пайда болғанын айтты. Алайда олардың мазмұны жария етілмеді.

Донбасс мәселесі негізгі келіспеушіліктердің бірі болып отыр

Аумақтық мәселенің шешілгені туралы хабарланған жоқ. Киевте қауіпсіздік кепілдіктері, елді қалпына келтіру, әуе қорғанысы жүйелерін жеткізу және қыс қарсаңында энергетика саласына қолдау көрсету мәселелері де талқыланды.

Еске сала кетейік, Украинаға барар алдында Уиткофф пен Кушнер Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті.