×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарулар Тараздан табылды

15.02.2023, 10:02
ПД

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қару жасырылған орынды  Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты.  Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі Benelli Argo-E карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі SM Action газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастырып жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары