×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Бүгін, 12:57
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
pixabay

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожол уақытша жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында қандай жолдар жабылды?

22 қарашада сағат 12:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында үш жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай – Мамлютка тасжолының 226–406-шақырым аралығында, яғни Қостанай облысының шекарасынан Мамлюткаға дейінгі жолда көлік қозғалысы толық тоқтатылды.

Сондай-ақ Петропавл – Соколовка – Ресей шекарасы тасжолының 11–73-шақырым аралығында, яғни Петропавлдан Ресей шекарасына дейінгі жолмен жүруге болмайды.

Бұдан бөлек, Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы тасжолының 491–521-шақырым аралығы, яғни Петропавл мен Мамлютка арасындағы жол жабылды.

Қостанай облысындағы шектеулер

Қостанай облысында да 22 қарашада сағат 12:00-ден бастап көлік қозғалысы тоқтатылды.

Шектеу Қостанай – Мамлютка тасжолының 163–226-шақырым аралығына қатысты. Бұл – Ұзынкөл ауылы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы арасындағы жол учаскесі.

Аталған жолмен барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапарға шығар алдында жолдағы шектеулерді ескеруге кеңес берді.

Жолдардың жағдайын және көлік қозғалысына қатысты соңғы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Сізге қызық болуы мүмкін