×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

Жаңаөзендегі мұнай компанияларының басшылары ұсталды деген ақпарат тарады

Бүгін, 15:47
Жаңаөзендегі мұнай компанияларының басшылары ұсталды деген ақпарат тарады
Ulysmedia коллажы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ҰҚК мен ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен операция өтті. Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың мәліметінше, Jana Oil Service ЖШС мен «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылары ұсталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогер не жазды

Сәрсенбаевтың сөзінше, құқық қорғау органдары мердігер ұйымдардың басшылығымен сөз байласып, жұмысшыларды ереуілге шығарған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеуі мүмкін.

Jana Oil Service компаниясы мұнай сервисі саласында жұмыс істейді. Бұрын «Кезби» деп аталған. Ал «Өзенмұнайгаз» Маңғыстау облысында мұнай өндіреді және тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.

– Дереккөзімнің мәліметінше, ұсталғандар кәсіпорын ұжымын жаппай наразылыққа итермелеп, осылайша «Өзенмұнайгаз» АҚ атынан қосымша қаржы алуға тырысқан, – деп жазды блогер.

Егер бұл нұсқа расталса, еңбек даулары тапсырыс берушіге қысым жасап, одан көбірек қаржы алу үшін пайдаланылған болуы мүмкін.

Ресми ақпарат жоқ

Әзірiе ресми түсініr берілген жоқ. Нақты кімдердің ұсталғаны, қандай іс бойынша тергеу жүріп жатқаны және оларға қандай күдік келтірілгені белгісіз.

«Кезби» жұмысшылары бұған дейін де бірнеше рет ереуілге шыққан. Олар жалақыны көтеруді, техниканы жаңартуды және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен.