×
$
458.28
€
501.45
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.28
€
501.45
₽
5.59

Республиканың басым бөлігінде күн суытып, қар мен жаңбыр жауады

Бүгін, 13:50
Республиканың басым бөлігінде күн суытып, қар мен жаңбыр жауады
dknews.kz/SuperGrok Heavy

26-28 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ болатынын және желдің екпіні күшейетінін ескертті. Апта соңына қарай күн айтарлықтай суытады. Елдің солтүстігі мен орталығында күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Толығырақ

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Атмосфералық фронт – жылы және суық ауа массаларының шекарасы. Мұндай жағдайда көбіне жауын-шашын түсіп, жел күшейеді.

Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда жауын-шашын мол түседі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

28 қарашада ауа температурасы қандай болады?

28 қарашада күндізгі ауа температурасы:

  • елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 0…-5 градус;

  • оңтүстік-батысы мен шығысында 0…+5 градус;

  • оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +5…+10 градус;

  • таулы аудандарда 0…-5 градус болады.

Сізге қызық болуы мүмкін