×
492.65
525.71
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.65
525.71
5.03

Ғалымдар COVID-19-дан кейін иіс сезу қабілетін қалпына келтіретін дәруменді сынақтан өткізбек

29.09.2021, 22:54
Ғалымдар COVID-19-дан кейін иіс сезу қабілетін қалпына келтіретін дәруменді сынақтан өткізбек
ашық дереккөз

Британиялық ғалымдар А дәрумені вируспен зақымдалған мұрын тінін қалпына келтіруге қалай әсер ететінін зерттеп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

dailymail.co.uk-нің мәліметінше,  британиялық ғалымдар А дәрумені бар мұрынға тамызатын тамшылары COVID-19 жұқтырған адамдардың иіс сезу қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін-көмектеспейтінін анықтамақ.

Зерттеу классикалық әдіспен жүргізіледі: топтың бір бөлігі А дәруменін, енді бір бөлігі плацебо қабылдайды. Екі топтағы адамдар әртүрлі иістердің көмегімен сынақтан өтеді. Ұлттық медициналық зерттеулер институты қаржыландыратын сынақ 2021 жылдың желтоқсан айында басталады деп күтілуде.

Аносмия – адамның иіс сезу қабілетінен толық немесе жартылай айырылып қалғанын білдіретін медициналық термин. COVID-19-бен ауырғандардың көбі иіс сезу қабілетінін айырылып қалады, бірақ арада бірнеше апта өткенде табиғи жолмен қалыпқа келеді. Коронавируспен ауырған адамдардың 5%-ында иіс сезу қабілеті жазылғаннан кейін бір жыл өтсе де қалыпқа келмейді.