×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елордада жол апатынан бес адам тіл тартпай кетті

30.09.2021, 11:27
фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Биылғы 30 қыркүйекте сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзеніндегі көпір арқылы Сарайшық көшесіне қарай өтіп бара жатып, жылдамдық режимін сақтамаған. Салдарынан көлікті басқара алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша, 28 жастағы жүргізуші тізгіндеген Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан бес адам қаза болды, бір адам зардап шекті, дейді астананың полиция департаменті.

Оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы тіл тартпай кетті. Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы ауыр халда қалалық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы, 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары