×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда кімдерге ағаш кесуге рұқсат етіледі

17.03.2023, 12:12
фото: ашық дереккөзден

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде жасыл желектерді күтіп, қорғаудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді әр өңірде осы үлгілік ереженің негізінде жергілікті атқарушы органдар өздерінің жеке талаптарын әзірлейтін болады.

Министрлік сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жасыл алқаптарды кесуге рұқсат бермейтінін атап өтті.

Мүдделі азаматтар немесе заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алуы үшін кескен ағаш орнына 10 есе көп көшет отырғызуы шарт. Ал отырғызу және одан әрі күтіп-баптау жұмыстарын мамандары бар абаттандыру ұйымдары жүргізеді.

Сонымен қатар ағаш отырғызу кезінде бір жастағы көшеттерді пайдалануға жол берілмейді.

Ережеге сәйкес ағаштарды кесуге келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі:

  • бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету кезінде;
  • инженерлік-абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді, жерасты және жерүсті коммуникацияларын қайта құру және жайластыру кезінде;
  • авариялық және төтенше жағдайларды, оның ішінде инженерлік-абаттандыру объектілерінде және инженерлік желілерде жою кезінде;
  • қолданыстағы объектілердің аумағын абаттандыру және оларды эстетикалық келбетке келтіру, жасыл алқаптардың сапасы мен түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі кезінде;
  • адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіретін ағаштарды санитарлық кесуге;
  • қоғамдық жерлердегі ағаштар мен бұталардың өсуі кезінде.
Серіктес жаңалықтары