×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

74 млн теңге: Шымкент шенділері нанды 4 есе қымбатқа сатып алмақ болған

17.03.2023, 14:52
ken-zhyloi.kz

Шымкентте №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 74 млн теңгеге нан сатып алмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, орталықтың 240 тұрғыны үшін 225 тонна қара бидай нанын сатып алуды жоспарлаған. Бұған бюджеттің 74 млн теңгесін жұмсау көзделіпті. Алайда іске Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  араласып, орталық басшылығының қитұрқы ойы жүзеге аспай қалған.

Анықталғандай, пациенттердің дәл осынша санына өткен жылы 12,2 млн теңгеге 53 тонна нан сатып алынған.

"Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу көлемін төрт есе көбейтуді қайта қарау және оны талапқа сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 млн теңгеге дейін төмендетілді, қажетті нан мөлшері 25,7 мың нан орамына дейін азайды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында шенділер құрылыс құрылымын 1200 есе қымбатқа алмақшы болған еді.

Сондай-ақ,  бюджет қаржысына Sony PlayStation ойын қорабын сатып алмақ болған Жетісу шенділерілерінің ойы іске аспай қалған.

Серіктес жаңалықтары