×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Алматы облысында шенділер құрылыс құрылымын 1200 есе қымбатқа алмақшы болған

16.02.2023, 14:51
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Ерімбетов өңірдегі шулы істер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Департамент мәліметінше, мемлекеттік сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде өткен жылдың тамыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың 984 млн теңгеге бағаны негізсіз көтеруіне тосқауыл қойылған.

"Мысалы, құрылыс басқармасы сатып алу жоспарына шамамен 900 млн теңгеге бір құрылыс құрылымын сатып алуды енгізген. Бұл ретте, "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталының деректеріне сәйкес, мұндай құрылымның орташа бағасы небәрі 750 мың теңге тұрады (1200 есе артық)", – деді Ерімбетов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында мемлекеттік орган зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болғаны анықталған еді.

Ал Жетісу шенділері бюджет қаржысына Sony PlayStation ойын қорабын сатып алмақ болған.

Серіктес жаңалықтары