×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Алматы маңында жер сілкінді

17.03.2023, 15:13
фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.5. Эпиорталық координаттары – 41.80° с.е. 77.86° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын оңтүстік астанаға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия мен Сирияда орын алған қайғылы оқиға Қазақстанға, әсіресе Алматыға үлкен сабақ болуы керектігін айтып, қада әкімдігіне сейсмикалық қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді.

Бұдан бұрын ТЖМ жер сілкінісі болса, Алматыдағы үйлердің 30%-ы жермен-жексен болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 20 наурызға дейін елдің 3 өңірінде қуатты жер сілкінісі болатыны жөнінде ақпарат тараған. Бұл ақпарат жайлы пікір білдірген Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі  қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары