×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Оралда елуге жуық саяжайды су басты

18.03.2023, 08:21
Ашық дереккөз

Оралда елуге жуық саяжайды су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Бір-екі күн бұрын "Ягодка", "Парус", "Вишнёвый сад", "Путеец" саяжайларына еріген қар суы жайылған.

"16 наурызда саяжайларды құтқару керек болды. Жергілікті тұрғындардың барлығы жиналып, бөгетке барып, қаптарға құм жинай бастады. Сосын суды бір аумаққа ағызу керек болды, ол басқа жаққа жайылды… Адамдар. жыл бойы осында тұрады, балалы отбасылар бар.Әрине, үйлерін су басқандар кетіп қалды», - дейді "Вишнёвый сад" саяжайының тұрғыны Наталья Борзикова.

Ол бұдан да көп су жайылудан және 2011 жылы болған су тасқынының қайталануынан қорқатынын айтады.

"Ягодка елді мекенінде 35 саяжайды су басты. Су аз болғанымен, барлық жаққа жайылуда, адамдар эвакуациялануда. Бүгінде өзенде су деңгейі төмендеді. Біз саяжай бірлестіктеріне күн сайын жүгінеміз. Су басу қаупі бар жерлерде тұрғыындар өз күштерімен бөгеттерді нығайтып жатыр», - деді «Батыс Қазақстан бағбандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Андрей Заозёров.

Оның айтуынша, 16 наурызда Шағандағы су деңгейі көтеріліп, «Путеец» саяжай қоғамдастығындағы 15 үйді су басқан. Сондай-ақ су тасқыны қаупі аймағында «Бирюса», «Звездочка», «Энергетик» бағбандық бірлестіктері бар. Су қоймаларынан алыс орналасқан қала маңындағы елді мекендерді тек еріген қар суы басып жатыр, алайда көп емес.

Серіктес жаңалықтары