×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштықты тоқтатты

02.04.2023, 12:52
Ашық дереккөз

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы жұмыстарды жалғастырады", - деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап етті.

Серіктес жаңалықтары