×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Күдебаев Қазақстаннан Бішкек арқылы шығып, Түркияға кеткен

02.04.2023, 16:17
Күдебаев Қазақстаннан Бішкек арқылы шығып, Түркияға кеткен
Ашық дереккөз

Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер Ulysmedia.kz редакциясына белгілі болды.

Серік Күдебаев – қазір қаңтар оқиғасы бойынша сотталып жатқан Алматы және Жетісу полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы. Кеше кейбір БАҚ экс-шенеуніктің сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді.

Ulysmedia.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы жоғары шенді полицей 23-24 наурыз күндері елден қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқан.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың барлығына қашу дерегі қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

Айта кетейік, Күдебаев қамауға алынғанға дейін сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қол астында жұмыс істеген, ол әлі бостандықта жүр.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Қаңтар айында Ulysmedia.kz редакциясы бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғасы үшін неге жауапқа тартылмай жатқанына таң қалды.