×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда бұдан былай жер телімдері жаңа әдіспен беріледі

Ашық дереккөз

Қазақстанда жер телімдері жаңа әдіспен беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа көшіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңда жер, құқықтық, қала құрылысы және басқа да кадастрлардың мәліметтері қамтылатын қоғамдық кадастрлық карта жасау қарастырылған.

Сондай-ақ жер учаскелерінің, жылжымайтын мүліктің сандық және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ олардың иелері туралы мәліметтерді көрсететін мемлекеттік жер және құқықтық кадастрларды біріктіретін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры енгізіледі. Бұл жерге құқық беруді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Заңның үкіметтік нұсқасына сәйкес жер телімдерін беру екі жолмен реттелді:

  • электрондық форматта тікелей ұсыну арқылы;
  • сауда-саттық арқылы.

Цифрландыру вице-министрі Әсет Тұрысов бұған дейін түзетулер тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жер-құқықтық қатынастар субъектілерінің лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылын айтарлықтай қысқартатынын атап өткен болатын. Бұл орын алып жатқан процестердің ашықтығына, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті тіркеуде қайталануларды жоюға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары