×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Францияда тұрғын үй қирады, зардап шеккендер бар

09.04.2023, 15:27
Ашық дереккөз

Франциядағы Марсель қаласында тұрғын үй опырылып құлады, бұл туралы қала мэрі Бенуа Пайян мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 00.40-та болды - Тиволи көшесіндегі №17 үй қирады, ғимаратпен жанасып тұрған үйлер де жарым-жартылай құлады.

Билік оқиғаның себебі мен зардап шеккендер санын анықтауда. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Кем дегенде екі адам жеңіл жарақат алды, деп жазады La Provence.

Пайян оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарына қирандылардан шыққан өрт кедергі болып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, үйдің опырылып құлауына жарылыс себеп болуы мүмкін екенін айтты, бірақ оның шығу табиғаты белгісіз.

Прованс-Альпі-Көкшіл жағалау аймағының префекті Кристоф Мирман да Франс Пресс агенттігіне берген түсініктемесінде қирау газ жарылысынан болуы мүмкін екенін айтты.

Куәгерлердің айтуынша, қирау алдында жарылыс болған.

Оқиға Марсельде соңғы жылдардағы ең үлкен ғимарат қирауларының бірі болды. 2018 жылдың қарашасында Марсельдегі екі ғимараттың құлауы салдарынан сегіз адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары