×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Күдебаевтың елден қашуы: Қырғызстанда да қылмыстық іс қозғалды

12.04.2023, 10:13
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғыз күш құрылымдарының Қазақстан тарапына берген ақпараты бойынша, Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Түркияға қашып кеткен. Оның қалай елге кіріп, одан ары Түркияға кеткенін қырғыз полициясы тергеп жатыр.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz Серік Күдебаевтың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарлаған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен аптада ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаевтың нақты қай жерден заңсыз өткенін анықтау үшін Шекара қызметінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. 

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Күдебаев 30 наурызға жоспарланған отырысқа де қатыспағандықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Серіктес жаңалықтары