×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Жапония үкіметі отставкаға кетті

04.10.2021, 08:59
фото: РИА Новости

Жапония үкіметі толық құрамда оставкаға кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қыркүйек айының басында премьер-министр Есихида Суга партия басшысы қызметіне өз кандидатурасын қайта ұсынудан бас тартқан болатын. Яғни, бұл оның отставкасын білдіреді, дейді РИА Новости.

Мәліметке сәйкес, алдыңғы аптада өткен сайлауда Синдзо Абэ үкіметінде сыртқы істер министрі болған Фумио Кисида жеңіске жеткен еді.

Дереккөз ақпараты бойынша, парламентте көп орын алған партия басшысы премьер-министр болады. Қазір бұндай партия - Либерал-демократиялық партия. Осылайша, Жапонияның жүзінші үкімет басшысы Фумио Кисида болады.

Серіктес жаңалықтары