×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түрік компаниясы Қазақстанда алтын іздемек

13.04.2023, 11:43
rutube.ru

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен түркиялық D Mineral компаниясы пайдалы қазбалардың перспективалы орындарын анықтауға байланысты мәмілеге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді екі тарап геологиялық барлауға лицензия алып, бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға кіріспек. Жоба алтын кен орындарын іздестіруге бағытталады. Геологиялық барлау жұмыстарына қаражат бөлуді түркиялық тарап өз жауапкершіліктеріне алғаны белгілі болды.

D Mineral директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраздың сөзінше, түрік инвесторлары қазақстандық компаниялармен ұзақмерзімді байланыс орнатуға дайын.

Айта кетейік, D Mineral Dimin Group (Түркия) холдингінің құрамына кіреді. Негізгі қызмет бағыты – темір кені мен мыс өндірісі.

Серіктес жаңалықтары