×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан әлі де ұшу қауіпсіздігі төмен елдердің қатарында тұр

22.04.2023, 08:26
Ашық дереккөз

Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша елдердің «қара тізіміне» ену алдында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Эйр Астана» президенті «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің отырысында Қазақстанның жуырда ғана «қара тізімнен» шығарылғанын, бірақ авиация саласындағы қауіпсіздік жағдайы әлі де осал екенін айтты.

Сондай-ақ ол бір жыл бұрын Брюссельде өткен Еуропалық комиссияның әуе қауіпсіздігі жөніндегі отырысында «қара тізімге» ену мүмкіндігі қарастырылғанын тілге тиек етті.

Авиация сарапшысы Әбіл Кекілбаевтың айтуынша, шенеуніктің соңғы жылдары Қазақстанның авиация саласындағы қауіпсіздік жағдайы туралы ашық айтуы бірінші рет. Ол сондай-ақ, бұл азаматтық авиация комитетінің қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіші туралы мәлімдемелеріне қайшы келетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары