×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ Судандағы елшілігін эвакуациялады

23.04.2023, 14:35
АҚШ Судандағы елшілігін эвакуациялады
Ашық дереккөз

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен елшілік қызметкерлері мен олардың отбасыларын Суданнан эвакуациялағанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Президент Джо Байден де АҚШ-тың Судандағы елшілігінің жұмысы уақытша жабылғанын қосты.

"Менің бұйрығым бойынша АҚШ әскерилері Хартумнан (Судан астанасы - ред.) АҚШ үкіметінің қызметкерлерін шығару операциясын жүргізді. Мен оларды қауіпсіз жерге сәтті жеткізген біздің әскери қызметкерлердің керемет шеберлігіне алғыс айтамын», - делінген АҚШ президентінің сайтында.

Байден сондай-ақ Джибути, Эфиопия және Сауд Арабиясына «операцияның сәтті өтуіндегі маңызды рөлі» үшін алғыс айтты.

Елшіліктен барлығы 100-ге жуық адам эвакуацияланды.

Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖЖҚ) арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Қақтығыс Жедел әрекет ету күштері қарулы күштерге біріктірілгеннен кейін басталды. Мұндай өзгерістер Суданды азаматтық билікке қайтару туралы келісімді жүзеге асыру үшін қажет болды. Генералдар келісе алмай, дау қарулы күреске ұласты.

Еске салсақ, 17 сәуірде Суданда БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болды. Осыған байланысты WFP басшылығы елдегі жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.