×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанға есірткі өнімдерінің көбі қайдан жеткізіледі

27.04.2023, 08:48
ҰҚК

Қазақстан жыл басынан бері Ресей, Қырғызстан және Аустралияның құзыретті органдарымен бірлесіп есірткіге қарсы 47 операция өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК мәліметінше, операциялар нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды.

“Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды. Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 73 кг «мефедрон» және 223 кг «α-PVP» психотроптық заты алынды.

“Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды. Аталмыш «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек”, – деп мәлім етті ҰҚК.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталған. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

Серіктес жаңалықтары