×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандағы туристер көп баратын қалалар аталды

27.04.2023, 18:23
Ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылы қазақстандықтар мен шетелдіктер ең көп және аз барған қалалардың рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көшбасшы қалалардың қатарында Алматы, Астана және Шымкент бар.

2022 жылы Қазақстанда орналастыру қызметтерін пайдаланатын туристердің жалпы саны 7,3 миллион адамға жеткен. Бұл санның 45% - дан астамы үш мегаполиске тиесілі. Сонымен қатар, тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

“Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың — шетелдік туристер), Астанада — 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген. Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған”, – деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған туристік саланы дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.

Серіктес жаңалықтары