×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы базаларының әскери дайындығын күшейтіп жатыр

28.04.2023, 16:34
РИА Новости

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"РИА Новости"-дің жазуынша, министр бұл туралы бүгін Нью-Делиде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің жиналысында айтты.

"АҚШ пен оның одақтастары терроризммен күресуге көмектесем деген желеумен Орталық Азияға қайтадан әскер орналастыруға талпынып жатыр. Аймақтағы елдерге әскери инфрақұрылым орналастыру туралы өтініштерді ШЫҰ кеңістігінің тұрақтылығына төнген тікелей қауіп деп бағалаймыз", - деді Шойгу.

Министр осыған байланысты Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы ресейлік әскери базалардың әскери дайындығын күшейтуге күш салып жатқанын жеткізді.

"Жиырма жыл бойы ауған жерінде болып, асығыс кетіп қалған НАТО елдері онда қалыптасқан жағдайға тікелей жауапты. Олар жанжалдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының шығынын жабуы тиіс", - деп мәлімдеген Ресей қорғаныс министрі.

Серіктес жаңалықтары