×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Визасыз режим.Қазақстанда қытай қаптау қаупі бар. Қазақстандық емес, қазақ боламыз. Самат Әбіш неге сотталмайды? – Ұлысапта

01.05.2023, 19:06

Өткен аптаның күнтізбесінен қанды қаңтарға қатысты өрбіген оқиғаларға жұртшылық көбірек куә болды. Алайда, алашты алаңдатқаны - қазақ-қытай шекарасында енгізілетін визасыз режимнің жайы. Бұл тақырып Ұлысаптаның да назарынан тыс қалмады.

Шекараның ашылуы қазақтың шекесін шылқыта ма, шерін қалыңдата ма? Орыстың ықпалынан шыға алмай жүргенде, қытайдың қақпанына түсіп қалмауды ойлайды Қазақ халқы. 
Қытай қорғаны қалың бұқараның панаы бола ма? Осы проблема да шығарылымның өзегіне айнаолды.

Бұрынгғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов сотталды, мәселе бітті ме? Сотты болған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарларының ішінде Самат Әбіш неге жоқ? Әбішті соттан алып қалған Назарбаевтың құдіреті болса, экс-президенттің билігі әлі де жүріп тұрғаны ғой?

Генерал Серік Күдебаевиың соты: ескі жүйе мен жаңа биліктің саудасы қалай аяқталды? Ұлдың өтірік айтуына не себеп? Мәселенің мәнісін Ұлыспата анықтап көрді.

Қаңтар қырғыны: қару ұрлаған - 16 жыл, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған – 5 жылға кетіп жатыр. Сотталғандардың туысы соттың әділетсіз болып жатқанын айтты.

Қазақстандық емес, қазақ болсын. Ұлт құру тұжырымдамасы нені меңзейді? 

Санкция. Шетелден арнайы келген топ мәлімедеме жасады. Қазақстанның санкция астына түспеудің қандай амалы қалды? 

Ұлысаптаның шолуын көріңіздер, пікір жазыңыздар, арнаға жазылыңыздар.