×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Министрліктер су үнемдеу жол картасын бір ай ішінде әзірлеуге міндеттелді

05.10.2021, 09:45
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті тапсырманы үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысы суармалы жерлердің ауданын 2025 жылға қарай 2,2 млн гектарға дейін, ал 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін кеңейту бойынша нақты міндетті айқындады. Бүгін де халық пен экономика салалары үшін су алудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырымды құрайды. Жыл өткен сайын қажеттіліктер арта береді. Бұл – суды тиімді пайдалануды, ең жаңа технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды талап етеді», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, тек автоматтандырылған бөлу мен тасымалдау есебінен судың артық жұмсалуы жыл сайын 1,2 текше шақырымға  қысқарады.

«Осы ретте, алдағы бес жылдық кезеңде 120 каналды қайта жөндеу және жаңа 9 ірі су қоймасын салу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде жайылымдық жерлердегі гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды жаңғыртуды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді жүргізу қажет. Жалпы, су қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану – жыл сайын 6,4 текше шақырым көлемінде қосымша су ресурстарын жинауды қамтамасыз етеді. Бұл шаралар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында да бар. Қабылданып жатқан шараларды қолдауды ұсынамын», - деді ол.

Асқар Мамин осыған байланысты министрліктерге бірнеше тапсырма берді. Атап айтқанда, біріншіден, Экология министрлігі бір ай мерзімде 9 су қоймалары мен 120 каналдарды салу мен реконструкциялаудың, сондай-ақ оларды цифрландырудың жол картасын әзірлеуге міндеттелді. Сондай-ақ Брекешовтың командасы Ауыл шаруашылығы минисрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 2025 жылға дейінгі өңірлік жол карталарын бір ай мерзімде әзірлеуді, сондай-ақ, жайылымдардағы гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды жаңғырту бойынша шараларды қабылдайтын болды. Үшіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, суды көп қажет ететін дақылдардың егістік жерлерін кезең-кезеңімен азайту мәселесін пысықтауға міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары