×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

«Кірудің өзі қорқынышты»: Астанада 200-ден астам үй құлайын деп тұр

03.05.2023, 13:32
Twitter

Мәжілісмен Дүйсенбай Тұрғанов депутаттық сауалында еліміздегі апатты үйлер мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесі, өкінішке қарай, жылдан жылға қиындап келеді. Бұл мәселе еліміздің әртүрлі аймақтарының тұрғындары үшін өте маңызды болып тұр. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша жалпы тұрғын үй қоры 54 731 көппәтерлі үйді құрайды, оның ішінде 752 үй апатты, 3 024 үй тозығы жеткен деп танылған.

Атырау облысында 119 апатты үй бар, олардың бір бөлігі Индер, Махамбет, Мақат, Құрманғазы аудандарында орналасқан.Өңірдегі сайлауалды жұмысымыз барысында осындай бірнеше үйді араладық. Бұл үйлердің іші ылғал, көгерген, қабырғалары мен төбелері жарылып кеткен, төбелерден су ағуда. Үйге кірудің өзі қорқынышты. Соның салдарынан қыста суық, жыл бойы антисанитарлық жағдай ғана емес, тұрғындардың да денсаулығына қауіп төніп тұр. Мұндай пәтерлерде әдетте зейнеткерлер, аз қамтылған адамдар тұрады. Олар үшін жағдайларын жақсартудың жалғыз үміті – мемлекетің көмегі», - деді ол.

Депутат атағандай, Астанада да осындай мәселе бар, бүгінде сараптамалармен техникалық зерттеу нәтижелері бойынша 206-ға жуық үй апатты деп танылып, бұзылуды күтіп тұр.

«Осындай жағдай еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады.«АМАNАТ» партиясы бұл мәселемен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. 2021 жылы өңірлерде тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы бекітілді, онда іске асыру тетігімен өлшемдері, оның ішінде жөндеуге жататын объектілердегі тұрғын үй иелеріне шығындарды өтеу тәртібімен шарттары белгіленген. Қазіргі таңда бұл бағыт «Халықпен бірге!» атты партияның ағымдағы бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі, соған сәйкес 30 мыңға жуық тозығы жеткен және апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің иелері жаңа пәтерге көшуге мүмкіндік алуға тиіс.  2022 жылдың соңында «Атырау қаласының тұрғын үй қорын жаңартудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленді. Бұл бағдарламаға апатты 82 үйден бөлек, қаладағы тағы 155 тозығы жеткен үй кіреді», - деді Тұрғанов.

Осы  жылдың қаңтарда өткен «Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі» кеңесте Мемлекет басшысы елорда әкімдігіне Үкіметпен бірлесіп, апатты үйлерді жаңарту және жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Жергілікті атқарушы органдар қазіргі жағдайды өзгертуге қолдан келгенше ықпал етуде. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, аталған мәселені түбегейлі шешу үшін тек жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз, сондықтан қаражатты республикалық бюджеттен де қарастыру керек. Мысалы, Атырау облысындағы апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін шамамен 34 миллиард теңге қажет, Астана қаласы бойынша 115 млрд теңге және тұрғын үйді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым-мен қамтамасыз етуге қосымша 117 млрд теңге керек. Бірақ Қаржы министрлігі бұл жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қолдамай отыр», - деді ол.

Депутат тұрғын үйді жаңарту мен жаңғыртудың әлеуметтік бағытын ескере отырып, мәселенің шешілуін ұсынды:

  • Біріншіден, апатты және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру;
  • Екіншіден, «Отбасы Банкі» арқылы несиелік тұрғын үйді қаржыландыру үлгісі бойынша, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды ұйымдастыру;
  • Үшіншіден, жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындардың өздеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіре алмайтынын ескере отырып, осы санаттағы азаматтар үшін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру.
Серіктес жаңалықтары