×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Қанды қаңтар: адвокат 16 жылға сотталған Ербол Жұмановты кінәлі емес деп санайды

06.05.2023, 12:52
Қанды қаңтар: адвокат 16 жылға сотталған Ербол Жұмановты кінәлі емес деп санайды
Ашық дереккөз

Адвокат Жалғас Сапарханова қаңтар оқиғасы бойынша 16 жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының тұрғыны Ербол Жұмановты кінәсіз деп санайды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сәуірдің 28-і күні сот Ербол Жұмановты Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы, подполковник Дастан Әділбайды өлтірді деп айыптады.

Сот барысында Жұманов өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, ол шынымен де қолына қару алған, бірақ ешкімді өлтірмеген.

"Мен сағат 16:00-де қару алдым, ал марқұмды 15:18-де атып кетті. Еш себепсіз түрмеге жауып жатырсыңдар", - деді ол сотта.

Адвокат кеше Таразға келіп, Жұмановпен кездескенін жазды Азаттық радиосы. Ол бүгін айыпталушының кінәсіздігін дәлелдейтін көптеген белгісіз мән-жайларды ашуға уәде берді.

«Алдағы уақытта іс бойынша сотта тергелмеген және Ерболдың кінәсіздігін дәлелдейтін көптеген мән-жайларды ашатын боламыз.

Біз Ерболдың кінәсіз екенін дәлелдейміз. Мекемеде істері бірге қаралған қаңтардағы көптеген қатысушыларымыз негізсіз сотталып жатыр деп шағымданады», – дейді Жалғас Сапарханова.

Еске салайық, 28 сәуірде қаңтар оқиғасы бойынша Жамбыл облысының тоғыз тұрғынына сот үкімі шыққан болатын.

2022 жылдың қаңтарында Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде 1587 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жауап алудан кейін 905 адам босатылды. 600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.