×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ел кәсіпорындарына жұмысшыларына 2,6 млрд теңгеден астам қарыз

11.05.2023, 09:48
фото: ашық дереккөзден

 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорында 13,6 мың жұмыскердің алдында 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары