Air Astana әуе компаниясының Дубай-Алматы бағытындағы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Air Astana техникалық ақауға салондағы ескерту шамдарының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болғанын мәлімдеді.
Ұшақта 220 жолаушы болған. Олар қонақүйде тұру және тамақпен қамтамасыз етілген.
"Әуе компаниясының инженерлері қазіргі таңда Дубайда және ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Бөлшектерді сәтті ауыстырған жағдайда, Дубайдан рейстің болжалды ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша 21:45-те болады", - делінген хабарламада.
Әйтпесе ұшудың балама нұсқалары қарастырылатыны атап өтілді.