×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

15.05.2023, 08:42
Коллаж: Ulysmedia.kz

Түркиядағы президент сайлауында дауыстарды санау қорытындысы бойынша үміткерлердің ешбірі 50 пайыз жинай алмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинады.

Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі тиіс.

«Дауыс берудің екінші кезеңі Түркияда 28 мамырға белгіленді», - делінген хабарламада.

Ал Анкарада жүздеген адам дауыс беру нәтижесін күтіп отыр.

Түркияда президент сайлауымен қатар, парламент сайлауы да өтуде. Ол жерде дауыстарды санау 95 пайызды құрады. Алдын ала нәтижелер бойынша, биліктің «Әділет және даму партиясы» – 49,47%, оппозициялық «Республикалық халық партиясы» 34,09% дауыс жинаған.

Сайлау учаскелері жабылғанға дейін сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы 14 мамырда кешке Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Энер мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары