×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жануарларға жасалған қатігездік орта дәрежедегі қылмысқа теңестірілмек

06.10.2021, 09:27
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті заң жобасының мақсаты туралы мәжілістің бүгінгі отырысында палатаның экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Милютиннің айтуынша, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында біршама норма көзделген.

«Заң жобасы жануарларға қатігездік жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге, ауыл шаруашылығы малын бағуда заңбұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жазаны тағайындауды, ішкі істер органдарына, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге тиісті құзырет беруді көздейді», - деді Александр Милютин.

Ол сонымен қатар қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Атап айтқанда, бұл санаттағы (жануарларға жасалған қатігездік) заңбұзушылықты орта дәрежедегі қылмысқа ауыстыру көзделеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары