×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тайландта қайық апатынан үш қазақстандық әйел зардап шекті

18.05.2023, 12:48
Фото: Ашық дереккөз

Жергілікті БАҚ Таиландта жылдам жүзетін қайық Пхукет жағалауында апатқа ұшырағанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бортта 30-ға жуық адам болған, олардың арасында Қазақстан, Ресей, Қытай және Украина азаматтары бар.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде қайықта төрт қазақстандық әйел болғанын түсіндірді.

«Олардың үшеуі медициналық көмекке мұқтаж. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жерлесіміз ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді СІМ.

Барлық шығынды қайықты иеленетін компания төлейді. Біздің консул зардап шеккен қазақстандық әйелдермен тұрақты байланыста.

Айта кетейік, бұған дейін Тайландта қазақстандық туристтің жөнсіз әрекеті үшін ұсталғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары