×
459.46
495.71
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
459.46
495.71
4.93

Қазақстанда депозиттік салымдар көлемі қысқарды

19.05.2023, 13:23
opennews.kz

Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы салымдар 402 млрд теңгеге қысқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк есебіне сүйенсек, 2023 жылдың сәуір айында Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы клиенттердің депозиттері 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 1,3%-ға немесе 402 млрд теңгеге қысқарып, 30,3 трлн теңгені құрады.

Құжатқа сәйкес, теңгедегі депозиттер сәуір айында 0,7%-ға –  21,4 трлн теңгеге дейін қысқарды. Депозиттік ұйымдардағы компаниялардың теңгедегі салымдары 2,7%-ға немесе 274 млрд теңгеге қысқарып, 9,9 трлн теңгені құрады. Халықтың салымдары, керісінше, 1,2%-ға немесе 131 млрд теңгеге өсіп, 11,5 трлн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары