×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда қаралы көпшілік Жасарал Қуанышәлинді шығарып салды

20.05.2023, 12:13
Ашық дереккөз

Алматыда қаралы көпшілік оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенбі күні таңертең Алматы қаласындағы орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті.

“Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар. Билік өкілдерінен жаназаға қатысқандар байқалмады”, – деп жазды Азаттық радиосының тілшісі.

Саясаткердің денесі Кеңсай зиратына жеткізіліп, сонда жерленді.

Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдірген, алайда кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Серіктес жаңалықтары